
Алдын ала қорытындылар бойынша 2023 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда айналымы 8% - ға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлімдеді. "Алдын ала қорытындылар бойынша, 2023 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда тауар айналымы 8% - ға өсіп, 55,8 млрд АҚШ долларын құрады", - деді Әлібек Қуантыров.