ҚР Жоғарғы Сотының судьялары сайланды

Парламент Сенатының депутаттары Жоғарғы соттың бес судьясын сайлауға дауыс берді. Олар Айтжанов Ерлан Жұмаханұлы, Әлжанов Ғабит Өмірханұлы, Исамберлиева Гүлмира Ғазизқызы, Құрманғалиев Нұрлан Қаскенұлы, Қосмұратов Ерлан Смадиярұлы болды.

Түркістан облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 160-қа жуық әлеуметтік объект толықтай бейімделген

Түркістан облысында мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету аясында 517 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі бейімделді. Оның ішінде 159 объект ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай бейімделген.

Доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі.

Тағы да өрт: Балқаштағы жағдай қандай?

Іле-Балқаш резерватының жану аймағы қазіргі уақытта өрт сөндірушілердің күшімен 120 гектарға дейін төмендеді, жалпы аумағы шамамен 6200 гектар болды, сөндірілгені 6080 гектар.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерінің есімдері шықты

«Болашақ» халықаралық стипендиясын 182 қазақстандық алғаны белгілі болды. Оның ішінде 149 адам магистратурада, 7 адам докторантурада, 26 адам әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Санитарлық дәрігерлер Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жолдады

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде қазақстандықтарға Құрбан айт мерекесі қарсаңында кейбір талаптардың сақталуы  туралы еске салынды.