Елордада Журналистер саябағы ашылды

Елордадағы Егемен Қазақстан көшесінде Журналистер саябағы ашылды. Арнайы саябақтың ашылуы – елімізде журналистерге көрсетілген құрметтің бір көрінісі деп бағалауға болады.

Алматыдағы жаңартылған ХҚКО-да Мемлекеттік корпорацияның инновациялық жобалары таныстырылды

1 шілдеде өткізілген Алматыдағы жаңартылған ХҚКО-ның ашылу салтанатына ҚР Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин қатысты. Алматыдағы жаңартылған ХҚКО Медеу ауданы,Марков к-сі, 44 мекенжайында орналасқан.

Еуропа олимпиадасында Географиядан қазақстандық оқушылар 6 медаль алды

Cербияның Белград қаласында әлемнің 9 елінен 98 оқушы қатысқан еуропалық географиялық олимпиада (EGeO) аяқталды. Оған 6 оқушыдан тұратын Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысып, 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды QLIFE.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Абай облысында 10 тонна битум өртенді

Бүгін "101" пультіне Ақсуат ауданы Шыбынды ауылындағы асфальт зауытында битум жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер зауыт аумағында жалпы көлемі 10 тоннаны құрайтын битумы бар 3 бөшке жанғанын анықтады.