Биыл мектептерде соңғы қоңырау салтанатты шарасы бола ма?

  "Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау өткізуге қатысты мектептердің осыған дейінгі дәстүрін қолдайды. Дегенмен министрліктің осыған дейінгі жылдардағы да, қазіргі уақыттағы да нормативтік құжаттарында мұндай іс-шара өткізу көрсетілмегенін жеткіземіз", – деді вице-министр Шолпан Каринова.

Қандас мәртебесін «бір терезе» қағидаты бойынша алуға болады

  Қандас мәртебесін беру тәртібі өзгертілетін болады. Енді өтінімдер Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қабылданады. Жаңа тетік бірқатар мемлекеттерде пилоттық режимде іске асырылуда. Бұл елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселелерді шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға мүмкіндік береді.

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

  WhatsApp-та жеке хат алмасудың құпиялылығын қорғауды күшейту мақсатында жеке чаттар үшін құпия сөздерді орнатуға мүмкіндік беретін жаңа функция - "құпия чат" пайда болады.

Президент Тоқаев 70 жасқа толды!

Бүгін, 17 мамыр Қазақстан Республикасының президенті – Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. 70-ті еңселеген мемлекет басшысының кездесе бермейтін фотосуреттерін жариялауды жөн көрдік.

Шотландия автобустары енді жүргізушісіз басқарылмақ

Эдинбургте Stagecoach компаниясының алғашқы автономды автобустары қолданысқа берілді. Жүргізушісіз басқарылатын автобус жолаушыларды Шотландия астанасы мен Фирт-оф-Форт шығанағының ар жағында орналасқан Файф округі арасында тасымалдайды.

Қазақстандық теннисші отандық рекордты жаңартты

  Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды. live-tennis.eu хабарына қарағанда, Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілуге тиіс. Бұл - оның карьерасындағы ең жоғары нәтиже.

Еңбекмині жұмыспен қамтудың икемді формасын енгізді

  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлемде кеңінен таралған жұмыспен қамтудың икемді нысандарын заңнамалық реттеу мақсатында Әлеуметтік кодекс шеңберінде заңнамада еңбек қызметінің 4 жаңа режимін бекітті. Бұл қазақстандықтар үшін еңбек нарығына қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.

Қазақстанда жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа бағдарламалар әзірленбек

  Елдің бірқатар өңірінде жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 5 пайыз жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған.