
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағылығымен өткен Үкімет кеңесінде газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағылығымен өткен Үкімет кеңесінде газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
ҚР Премьер-Министрі төрағалығымен Үкімет үйінің отырысында күн тәртібінен тыс Абай облысының Бородулиха ауданындағы ірі табиғи өртті жою мәселесі талқыланды. Өңір әкімі Нұрлан Ұранхаев, Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі, генерал-майор Ибрагим Күлшімбаев және экология вице-министрі Галидулла Азидуллин баяндама жасады.
Биыл оқу жылын 3,7 млн-нан астам қазақстандық мектеп оқушысы аяқтайды. Бұл көрсеткішті ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
2023 жылғы әлем чемпионатынан кейін Халықаралық бокс қауымдастығының рейтингісінде Қазақстан бірінші орында тұр. Екінші орында Өзбекстан, үшінші орында Ресей. Рейтингінің төртінші позициясында Үндістан орналасқан (әйелдер боксының арқасында). ТОП-бестікті Куба түйіндеп отыр. Ал АҚШ IBA-ден шыққаннан кейін және әлем чемпионатын өткізіп алған соң 10-шы орынға түсті.
Елімізде ірі орман өрттерінің өршуі жылда өзекті проблемаға айналуда. Тілсіз жаудың болжап білуге болмайтын табиғи сипаты мен былтырғы зардаптарын ескере отырып, Үкімет өрттің алдын алу шараларын күшейтпек.
Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне арналған бәйгеден Қазақстан Республикасының турнирі өтеді.
Бүгін Мәжіліс депутаттары «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға түзетуді мақұлдады.
Француздық режиссер Жюстин Трие «Траектория падения» (2023) фильмі үшін 76-ыншы Канн фестивалінің жоғары наградасына ие болды.
Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отырыста 2022-2023 жылы оқу жылының аяқталуы мен жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақыты мен еңбекпен қамтылуы жайлы мәселе қарастырылды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері 20 мыңға жуық талапкер тестілеуден өтті. Екі үміткер 140-тан 133 ұпай жинады.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алатын отбасыларға қосымша 2,6 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Бұл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау арқылы көмектің заттай түрін ақшалай түрге ауыстыру арқылы қол жеткізілді.