
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жылдық мәнде 10,6%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жазылған.
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жылдық мәнде 10,6%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жазылған.
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ләзат Мейрашевна Ақтаева Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысына тағайындалды.
Шығыс Қазақстан облысында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық пәндік олимпиада өтті.
Су добынан ерлер арасындағы әлем кубогында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында Жаңа Зеландиямен кездесті. Әлем кубогында қазақстандық спортшылар В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Румыния, Иран және Жаңа Зеландия.
Отандық 16 жоғары оқу орны халықаралық Times Higher Education рейтингісінен орын алды. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Азия университеттері альянсының форумында белгілі болды. Халықаралық форумды ашқан Премьер-Министр Әлихан Смайылов қазіргі уақытта өңірлік бірінші сыныпты университеттерді қайта құруға бағытталған бірнеше бастаманың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Парламенттің төменгі палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады.
1-6 мамыр аралығында Елордада химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті. Оған Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан секілді 21 елдің өкілдері қатысты. Командалар құрамы Ұлттық химиялық олимпиадалардың қорытындысы бойынша анықталды. Еліміздің намысын 15 бала қорғап, Қазақстан құрамасының қоржынына екі күміс,10 қола медаль түсті.
Астанада Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне орай 50-ден астам түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Мереке күндері концерттер, қойылымдар, көрмелер, спорттық турнирлер ұйымдастырылатыны туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамы бойынша:
Мемлекет басшысы Мәскеудегі Қызыл Алаңдағы Жеңіс күнінің 78 жылдығына арналған әскери шеруге қатысып, Белгісіз солдаттың қабіріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
"Дипломмен – ауылға" бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақының көлемі артуы мүмкін. Бүгінгі күні жәрдемақының мөлшері 241 500 теңгені құрайды. Ұлттық экономика министрінің "Дипломмен – ауылға" жобасына қатысушыларға көтерме жәрдемақыны ұлғайту туралы бұйрығының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұйрық жобасына сәйкес, жәрдемақыны 70-тен 100 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылып отыр. Бұл 2023 жылға арналған АЕК мөлшерін есепке алғанда 345 мың теңге болады.
Синоптиктердің айтуынша, мамырдың 4-6-сы солтүстік антициклон жотасы ықпалынан Қазақстанның басым бөлігіндегі жауын-шашынсыз ашық ауа райы қалыптасады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнгі уақытта 1-7 градус үсік күтіледі.